Жаңалықтар
2019 жылдың 14 мамырында АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ, АРХИВТЕР ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМА БАСҚАРМАСЫНЫҢ Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы М. Төлебаев атындағы халық аспаптары оркестрінің «Тұран таңы» атты концерті Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының үлкен концерттік залында өтті.
2019 жылдың 23 сәуір күні Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында жылда өткізіліп жүрген Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен және І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайының ұйымдастыруымен Жетісулық – ақын композиторлар арасындағы «Өткен жылдың жаңа әндері» атты шығармашылық ән кеші өткізілді. Сахнада жүректерді жарып шыққан жаңа әндердің тұсауы кесіліп, көрермендерді қуантып өнепаздарға ыстық ықылыстарын білдірді.
15 сәуір күні І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы және Бикен Римова атындағы драма театрының жүректерінде маxаббат оты лаулап тұрған, сезімдері тасып тұрған жас әртістерінің қатысуымен ғашықтар күніне арналған "Маxаббат әуені" атты мерекелік концерт өтті. Концерт тартымды, өте көңілді өтті, ең бастысы көрген қауымның көңілінен шықты. Баршаңыздың өмірлеріңіз пәк сезімге, адал маxаббатқа толы болып, жүректеріңіз мәңгі ғашық болсын.
Алматы облысы, Панфилов ауданының Құрметті азаматы ақын Әбен Дәуренбековтың 80 жылдығына арналған еске алу кеші 2019 жылдың 14 наурыз күні, І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында өтті.
17 наурыз күні І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында өнер әлемінде өзіндік ізін қалдырып, әуезді үнімен халықтың жүрегінен орын алған әнші Нұрлан Өнербаевтың концерті өтті. Тамаша кешке жиналған қауым сүйікті әндерін ыстық ықыласпен қабыл алып, қошеметтерін білдірді.
2019 жылдың 12 наурыз күні І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының негізінде ұйымдастырылған, көрерменін күмбір күйдің бесігінде тербеткен,