Жаңалықтар
2018 жылдың 16 қараша күні І.Жансүгіров атындағы Мәденеит сарайында Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының жеке дауыстағы әнші, Халықаралық байқаулардың лауреаты Әсем Сембинаның «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Әсем әуен әлемінде» атты шығармашылық кеші өтті.
Бүгін 7 қараша күні І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Ұлттық валюта – Теңгенің енгізілген күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік кешке ҚР Ұлттық Банкі Алматы облыстық филиалының ұжымы, Ұлттық банк зейнеткерлері – ұлттық валютаны енгізуге тікелей қатысқан ардақты ардагерлеріміз, сондай-ақ Екінші деңгейдегі банктер мен Қазпошта акционерлік қоғамның басшылары, озат қызметкерлері және банк клиенттері қатысып отыр.
І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында 2018 жылдың 28 қазан күнгі Әбдіжаппар Әлқожаның «Махаббатсыз өмірді кім сүрмек?» атты концерті өткізілді
Құрметті өнер сүйер қауым! 08 қараша күні І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және Алматы облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өтетін дәстүрлі XVI "Жетісу жұлдыздары" балалар шығармашылығы байқауының Гала концертіне шақырамыз!
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Алматы облыстық әкімдігімен бірлесе отырып, Талдықорган қаласында Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу аясында «Шертпе күй» республикалық фестиеалін І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында «Шертпе күй» республикалық фестивалінің бағдарламасына сәйкес: 25 қазан күні сағ. 10.00-де Талдықорған қаласы I.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Баспасөз конференциясы өткізіліп, сағат 11.00-де «Қырық буын қосбасар» дәстүрлі шертпе күйге арналған республикалық конференция және алқалы кеңес өтті, сағат 15.00-де Фестивальдің салтанатты ашылуы жэне конкурстың I кезеңі өткізілді. 26 қазанда сағат 11.00-де конкурстың II кезеңі және сағат 19.00-де Гала-концерт пен салтанатты марапаттау өткізілді.
«Құлансаз» ансамблін ең алғаш 1979 жылы белгілі композитор Әсет Бейсеуов құрған болатын. Дүрілдеп аты шыққан ансамбль Кеңес дәуірінде алыс-жақын шет елдерді аралап, атағы жер жарды.
Мектеп, сенсің мені жұртқа сыйлықып – деген сөздермен 2018 жылдың 17 қазан күні І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектептің алғаш кірпіші қаланғанына 30 жыл толып отыр