Алматы облысы, Панфилов ауданының Құрметті азаматы ақын Әбен Дәуренбековтың 80 жылдығына арналған еске алу кеші 2019 жылдың 14 наурыз күні, І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында өтті.


«Таң», «Мөлдір тамаша», «Тамшыбұлақ», «Балконнан  ұшқан көгершін», «Мамыр айы» атты жыр жинақтарының авторы, киелі өлеңді қос жанардың тамшысындай мөлдіретіп жазып, сол өлеңмен әдебиет айдынында өзіндік орын қалыптастырған көрнекті тұлға Әбен Дауренбеков.