Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайының жанынан 2002 жылдан бастап “Жас таланттар” (“Юные таланты”) би тобы жұмыс жасауда. Ансамблдің көркемдік жетекшісі Калашникова Ирина Витальевна. Ұжымның оқушылармен жұмысының негізгі мақсаты шығармашылық тұлғаны (адам баласына берілген мүмкіндіктерді байыту ретіндегі шығармашылық ойлау және шығармашылық белсенділік) дамыту, олардың жаратылыстың табиғи қозғалысын тану арқылы әсемдікке, деген сезімдерін тәрбиелеу, сондай-ақ балалардың материалдарды игеруі және меңгеруі негізінде олардың білімдерін, біліктіліктерін және дағдыларын қалыптастыруды үйретеді.

Жұмыс істеген жылдар бойы өздерінің оқу бағдарламасын қалыптастырды. Хореографиялық ұжымның тиімді жұмыс істеуі және шығармашылық жоғары жетістіктерге жетуі үшін сабақ өткізудің нысандары пайдаланылады.

“Жас таланттар” бишілер тобы көптеген облыстық, қалалық іс-шараларға қатысып, ат салысып тұрады.

«Жас таланттар» ұжымы қаланың түрлі мерекелік шараларына, атап айтқанда Рождественская бағдарламасына, 8 наурызға арналған меркелік концерттерге, «Наурыз» мейрамы, 1 мамыр және 9 мамыр Жеңіс күні құрметіндегі концерттерде, Талдықорған қаласының күні және Астана күні құрметіндегі салтанатты мерекелерде өнер көрсетті. Ұжым Мәдениет сарайында өткізілетін жаңажылдық ертеңгіліктерді өткізуге көмектесті, сонымен қатар ардагерлерге, мүмкндіктері шектеулі балалрға арналған қайырымдылық концерттеріне, аз қамтылған отбасыларындағы балаларға арналған «Мейірімділік» қайырымдылық жобасына қатысты.