Елге арнау
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында, Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған ІІ Республикалық «Елге арнау» атты жаңа өнер туындыларына арналған композиторлар байқауының Гала-концерті 2021 жылдың 1 маусым күні сағат 17.00-де Талдықорған қаласы І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында өткізілді.
Байқаудың мақсаты: Заман талабына сай қоғамдық маңызы бар музыкалық шығармалар мен патриоттық әндер жазылуына жол ашу, Отандық авторларды қолдау, Республикалық өнер ұжымдары, филармония мен концерттік бірлестіктердің репертуарларын жаңа туындылармен толықтыру, өнер туындылары арқылы Қазақстандық патриотизм мен ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, еңбекке, адал кәсіби табысқа, Отанға қызмет етуге, жоғары патриоттық ниеттерге оң көзқарастар қалыптастыратын мәдени өнімдерді жасау.
Конкурсқа белгіленген номинациялар шеңберінде жеке авторлардың немесе авторлық ұжымдардың шығармалары қабылданды.
Байқаудың ережесі еліміздің барлық облыстарына таратылды. 4 номинация бойынша 37 өтінім келіп түсті. 31 маусым күні қазылар алқасы қарап, шығармаларын тыңдап, іріктеді. Ақтық сынға барлығы 19 үміткер жолдама алды.
1 маусым күні байқаудың баспасөз конференциясы өткізілді. Қорытындысы шығарылып, Гала-концерт өтті. Жеңімпаздар дипломмен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
http://dk-zhansugurova.kz/kz/zhanaly-tar/189-elge-arnau-tken-is-shara.html#sigFreeId0975a5094d