2019 жылдың 23 сәуір күні Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында жылда өткізіліп жүрген Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен және І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайының ұйымдастыруымен Жетісулық – ақын композиторлар арасындағы «Өткен жылдың жаңа әндері» атты шығармашылық ән кеші өткізілді. Сахнада жүректерді жарып шыққан жаңа әндердің тұсауы кесіліп, көрермендерді қуантып өнепаздарға ыстық ықылыстарын білдірді.