2019 жылдың 14 мамырында АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ, АРХИВТЕР ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМА БАСҚАРМАСЫНЫҢ Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы М. Төлебаев атындағы халық аспаптары оркестрінің «Тұран таңы» атты концерті Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының үлкен концерттік залында өтті.
Концерт Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылды. Консерватория ректоры Жүдебаев Арман Әділханұлы оркестрдің бас дирижері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әли Алпысбаевқа «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының құрметті профессоры» атағы берілген дипломын табыстады. Концертте өнер көрсеткен қазақ ұлттық өнерінің дамуына үлкен үлес қосып жүрген азаматтар, аталмыш оркестрдің аспапшы-артистері, консерватория түлектері, ҚР мәдениет қайраткерлері Халиев Нұрболат (гобой), Сауырбаев Қази (альт-қобыз), Қабыкенова Айнаш (прима-қобыз), Оразаев Талғат (домбыра) және ҚР мәдениет саласының үздігі оркестрдің дирижері және көркемдік жетекшісі Аманжолов Армандарды алғыс хаттармен марапаттады.
@kazakh.national.conservatory
http://www.conservatoire.kz/kz/structure/rectorate/ilebaev-arman-delaney-/
@kultura.zhetisu
http://kultura.zhetisu.gov.kz/sitemap/
@dk_i.zhansugurov
http://dk-zhansugurova.kz/kz/
@filarmonya_suyinbai
http://dk-zhansugurova.kz/kz/zhanaly-tar/158-t-ran-ta-y.html#sigFreeId7e31325f79