«Ардагер әжелер» ансамблі облыстық, қалалық іс-шараларға қатысып, үнемі алда жүреді. Көркемдік жетекшісі Курсабаев Азат Қыдырбайұлы. Осы мерзім ішінде ансамбль қалалық мерекелер, байқаулар және концерттерді тәрбиелік мәні зор әндерді, ұлағатты сөздермен әрлеп қала халқына таныла бастады. Олардың ең жасы 1945 жылы дүниеге келген болса, ең қарты 1923 жылы туған. Ширек жылдан астам өмір көрген аналар аптасына екі күн Мәдениет сарайында өтетін үйірмелік дайындыққа қатысады. Халқымыздың ұлттық мерекесі «Наурыз» мерекесіне, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні, Конституция күні, Халықаралық 8-наурыз Әйелдер күні, Ұлы Жеңіс мерекелері және тағы басқа іс-шараларға өз үлестерін қосуда. Әжелер ансамблі репертуарларындағы халық әндері, қазақ композиторларының әндерін ғана орындап қоймай, қазақ халқының салт-дәстүрін, ырым-жоралғыларын насихаттаумен де айналысады. Әжелер қаламыздағы балабақшаларға да барып, кішкентай бүлдіршіндермен кездесулер өткізіп тұрады. Тек ән айтумен емес, қол өнерімен де айналысатын, сегіз қырлы шебер әжелер де бар, ою оюды, тоқыма тоқуды, құрақ құрауды сияқты, жүн сабауды да жақсы біледі.