Алпысбаев Әли Демегенұлы
Алматы облысы әкімінің
«І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайының» директоры
Алпысбаев Әли Демегенұлы 1956 жылы Талдықорған облысы, Ескелді ауданының қазіргі Балпық би кенті,Елтай ауылында дүниеге келген.
1975-1979 жылдары Шымкент қаласындағы Әл-Фараби атындағы Мәдениет институтында,
1986-1990 жылдары Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваторияда оқыды.
Еңбек жолын 1979-1983 жылдары Сарқант қаласындағы Мәдени ағарту училишесіндегі халық аспаптар оркестрін басқарудан бастады.1983-1989 жылдары
Н.Тілендиев атындағы музыкалық мектебінде музыка оқытушысы.
1989-1997 жылдары Қ.Байсейітов атындағы музыка колледжінде музыка оқытушысы.
1997-2002 жылдары М.Төлебаев атындағы аймақтық филармонияның қазақ халық аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі, әрі бас дирижері.
Алматы облыстық Мәдениет басқармасының 2002 жылғы 4 қарашадағы № 34/л бұйрығымен Алматы облысы әкімінің «І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайының» директоры болып тағайындалды.
Исмагулова Ардақ Жұмаханқызы
«І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайы» МКҚК
Директорының орынбасары
Исмгулова Ардақ Жұмаханқызы 1976 жылы 18 желтоқсан күні Алматы облысы, Талдықорған қаласында дүниеге келді.
1984-1992 жылдар аралығында Талдықорған қаласының №14 мектебінде білім алды.
1992-1996 жылдары Талдықорған қаласының Қ.Байсейітов атындағы саз колледжінде «Хор - дирижер» бөлімінде білім алды.
1996-2000 жылдары І.Жансүгіров атындағы Мемлекеттік Университетінде «Музыка» факультетінде білімін жалғастырды.
Еңбек жолын 1994 жылы 15 шілдеден бастап Талдықорған қаласының «Стройтель» профилактория- санаториясының көркемдік жетекші қызметін атқарды.
2002-2003 жылдар аралығында Жамбыл облысының Гарнизондық офицерлер үйінде жұмыс істеді.
2003-2004 жылдары Ө.Жолдасбеков атындағы Институтта Тәрбие жөніндегі ректордың көмекшісі.
2004-2005 жылдары Ө.Жолдасбеков атындағы Институттың Жастар орталығының директоры болып жұмысын жалғастырды.
2005 жылдың 9 қыркүйегінен бастап І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Көркемдік жетекші қызметін атқарды.
2012 жылдың 4 желтоқсанынан бастап І.Жансүгіров атындағы Ман ушараләдениет сарайының Директор орынбасары болып тағайындалды.
Ботабаева Айгүл Сәкенқызы
«І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайы» МКҚК
Бас есепшісі
Ботабаева Айгүл Сәкенқызы 1963 жылы 18 қарашада туған, 1988 жылы В.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын металлург-инженер мамандығы бойынша бітіріп шығып, одан кейін Қазақ Еңбек және Әлеуметтік қатынастар академиясының қаржы мамандығын тәмамдаған, еңбек жолын Алматы облысы, Қапал ауданындағы Арасан-Қапал санаторийінде кассир-бухгалтер болып істеуден бастаған.
Осы қызмет істеген жылдардағы атқарып жүрген еңбегі ескеріле отырып мәдениет басқармасының грамоталарына ие болды.
2014 жылы Алматы облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Алғыс хатымен» марапатталды.
2016 жылы Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мінсіз еңбегі үшін «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
Айгүл Сәкенқызы алғашқы күннен бастап, өзіне берілген тапсырмаларды дер кезінде, тиянақты орындап, өз ісіне жауапкершілігін, ұқыптылығын көрсеткен, қызметтік міндеттерін адал орындайтын қызметкер. Қызмет ету кезеңінде өзін сауатты, тыңғылықты орындаушы ретінде көрсетті, әрдайым өзінің кәсіптік деңгейін үнемі жетілдіріп отырады.
Ғұмаров Әділжан Нүсіпжанұлы
«І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайы» МКҚК
Көркемдік жетекшісі
Ғұмаров Әділжан Нүсіпжанұлы 1978 жылы 22 шілдеде Ақсу ауданында дүниеге келген.
1985-1993 жылы Тарас орталау мектебінде оқыды.
1993-1996 жылдар аралығында СХТ ауылшаруашылық гимназиясын бітірді.
2004-2009ж. І.Жансүгіров атындағы Мемлекеттік Университетінің «Мәдениет және Өнер» факультетінде оқып шықты.
2003-2005ж. І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында қызметін бастады.
2005-2007ж. Алматы облысы Сүйінбай атындағы филармониясында дыбыс режисеры болып қызмет атқарды.
2007-2008ж. Талдықорған қаласының Политехникалық колледжінде музыка пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.
2009 жылдың 1 шілдеден бастап І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында дыбыс режиссеры болып қызметын атқырды
2014 жылдан бастап І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Көркемдік жетекші қызметін атқарып жатыр.
Алған марапаттары:
І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайының директоры Ә.Д.Алпысбаевтан
Халық шығармашылық орталығының директоры Е.А.Доланғарановтан
Алматы облысының «НұрОтан» халықтық партиясы төрағасының бірінші орынбасары Ғ.Т.Сарыбаевтан
Алматы облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы А.Ж.Абдуалиевтан
Дюсембекова Айжан Темерканқызы
І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайы» МКҚК
Шығармашылық бөлім меңгерушісі