«Жетісу шеберлері» ансамблі көптеген іс-шараларға өз үлестерін қосуда. Ансамблдің көркемдік жетекшісі Жоғарғы оқу орнының үздігі, доцент Мустафин Болат Ахмедиұлы. Ансамблдің құрамы үнемі толықтырылып жаңартылып отырады, қазірде құрамы 20-ға жуық. «Жетісу шеберлері» ансамблі жастар арасынан дарынды, шебер орындаушыларды қызықтырып, өз қатарына тартып, үнемі ұжымын толықтырып отырады. Бүгінде, ансамблдің негізгі құрамы Қ.Байсейітов атындағы музыкалық колледжі және Н.Тілендиев атындағы саз мектебінің түлектерінен құралған.

Ансамбльдің концерттік репертуары халық музыкасынан және шетелдік композиторлардан тұрады. Ансамбль мүшелері өте шеберөздерінің сүйікті музыкалық аспаптарында (домбыра, қобыз, қылқобызда, саз сырнайда, шаңқобыз) ойнайды  және республикалық байқауларда өздерінің шеберліктерін көрсете біледі.