Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

“Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайы” МКҚК

 

1962 жылы Талдықорған қаласында Қалалық Мәдениет сарайы қолданысқа берілді.

1965 жылы ақиық ақын Ілияс Жансүгіровтың туғанына 70 жыл толуына орай қалалық Мәдениет сарайына Ілияс Жансүгіровтің аты берілді.

2002 жылы Талдықорған қаласы Алматы облысы орталығы болуына орай қалалық І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайына, Алматы облысы Әкімінің 

«І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайы» қазыналық коммуналдық кәсіпорыны статусы берілді.


 

Мәдениет сарайында штат кестесіне сай 47 адам жұмыс істейді.  Олардың – жоғары-25, арнайы орта-11, орта білім-11.

Жас аралықтары бойынша бөлсек 29 жасқа дейін 12 адам, 30-50 аралығында 20 адам, 50 жастан аса 16 адам.


                    

Мәдениет сарайының  директоры дирижер, композитор Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Құрмет орденінің иегері, Жетісу мемлекеттік университетінің Құрметті профессоры, Қазақстан Композиторлар Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі, Талдықорған қаласының және Көксу ауданының Құрметті азаматы, Алматы облыстық мәслихатының депутаты, Алматы облысының Құрметті азаматы Алпысбаев Әли Демегенұлы.

 

 

«Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайы» МКҚК-ны облыс орталығында өтетін іс- шараларға қызмет көрсетеді.

Өткізіліп жатқан іс-шаралар жоғарғы деңгейде өтеді.

Мәдениет сарайында түрлі іс шаралардан басқа эстрада және шетелдік ұжымдардың опера әнші, жұлдыздарының концертері  жиі өтіп тұрады,  әзіл-сқақ театрлары сияқты елге танымал өнер жұлдыздары Жетісу жұртшылығына  өз өнерлерін көрсетеді. Мемлекеттік мерекелерге қатысты облыс, қала әкімдерінің салтанатты жиындары дәстүрлі түрде өтіп отырады.

Мәдениет сарайы жанынан құрылған «Ардагер» әжелер ансамблі, «Жас таланттар» би ансамблі мен «Жетісу шеберлері» ансамблі және «Жетісу» би ансамблі өз өнерлері мен көпшіліктің көңілінен  шығып жүрген  өнер ұжымдары.              

 

View the embedded image gallery online at:
http://dk-zhansugurova.kz/kz/biz-turaly.html#sigFreeIdd2cf228eba

 

1.«Ардагер әжелер» ансамблі облыстық, қалалық іс-шараларға қатысып, үнемі алда жүреді. Көркемдік жетекшісі Курсабаев Азат Қыдырбайұлы. Осы мерзім ішінде ансамбль қалалық мерекелер, байқаулар және концерттерді тәрбиелік мәні зор әндерді, ұлағатты сөздермен әрлеп қала халқына таныла бастады. Олардың ең жасы 1945 жылы дүниеге келген болса, ең қарты 1923 жылы туған. Ширек жылдан астам өмір көрген аналар аптасына екі күн Мәдениет сарайында өтетін үйірмелік дайындыққа қатысады.

Халқымыздың ұлттық мерекесі «Наурыз» мерекесіне, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні, Конституция күні, Халықаралық 8-наурыз Әйелдер күні, Ұлы Жеңіс мерекелері және тағы басқа іс-шараларға өз үлестерін қосуда. Әжелер ансамблі репертуарларындағы халық әндері, қазақ композиторларының әндерін ғана орындап қоймай, қазақ халқының салт-дәстүрін, ырым-жоралғыларын насихаттаумен де айналысады.

Әжелер қаламыздағы балабақшаларға да барып, кішкентай бүлдіршіндермен кездесулер өткізіп тұрады.

Тек ән айтумен емес, қол өнерімен де айналысатын, сегіз қырлы шебер әжелер де бар, ою оюды, тоқыма тоқуды, құрақ құрауды сияқты, жүн сабауды да жақсы біледі.

 

View the embedded image gallery online at:
http://dk-zhansugurova.kz/kz/biz-turaly.html#sigFreeId87f116fba3

 

2.Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайының жанынан 2002 жылдан бастап “Жас таланттар” (“Юные таланты”) би тобы жұмыс жасауда. Ансамблдің көркемдік жетекшісі Калашникова Ирина Витальевна. Ұжымның оқушылармен жұмысының негізгі мақсаты шығармашылық тұлғаны (адам баласына берілген мүмкіндіктерді байыту ретіндегі шығармашылық ойлау және шығармашылық белсенділік) дамыту, олардың жаратылыстың табиғи қозғалысын тану арқылы әсемдікке, деген сезімдерін тәрбиелеу, сондай-ақ балалардың материалдарды игеруі және меңгеруі негізінде олардың білімдерін, біліктіліктерін және дағдыларын қалыптастыруды үйретеді.

Жұмыс істеген жылдар бойы өздерінің оқу бағдарламасын қалыптастырды. Хореографиялық ұжымның тиімді жұмыс істеуі және шығармашылық жоғары жетістіктерге жетуі үшін сабақ өткізудің нысандары пайдаланылады.

“Жас таланттар” бишілер тобы көптеген облыстық, қалалық іс-шараларға қатысып, ат салысып тұрады.

«Жас таланттар» ұжымы қаланың түрлі мерекелік шараларына, атап айтқанда Рождественская бағдарламасына, 8 наурызға арналған меркелік концерттерге, «Наурыз» мейрамы, 1 мамыр және 9 мамыр Жеңіс күні құрметіндегі концерттерде, Талдықорған қаласының күні және Астана күні құрметіндегі салтанатты мерекелерде өнер көрсетті. Ұжым Мәдениет сарайында өткізілетін жаңажылдық ертеңгіліктерді өткізуге көмектесті, сонымен қатар ардагерлерге, мүмкндіктері шектеулі балалрға арналған қайырымдылық концерттеріне, аз қамтылған отбасыларындағы балаларға арналған «Мейірімділік» қайырымдылық жобасына қатысты.

 

View the embedded image gallery online at:
http://dk-zhansugurova.kz/kz/biz-turaly.html#sigFreeIdafe9de7c7e

 

3.«Жетісу шеберлері» ансамблі көптеген іс-шараларға өз үлестерін қосуда. Ансамблдің көркемдік жетекшісі Жоғарғы оқу орнының үздігі, доцент Мустафин Болат Ахмедиұлы. Ансамблдің құрамы үнемі толықтырылып жаңартылып отырады, қазірде құрамы 20-ға жуық. «Жетісу шеберлері» ансамблі жастар арасынан дарынды, шебер орындаушыларды қызықтырып, өз қатарына тартып, үнемі ұжымын толықтырып отырады. Бүгінде, ансамблдің негізгі құрамы Қ.Байсейітов атындағы музыкалық колледжі және Н.Тілендиев атындағы саз мектебінің түлектерінен құралған.

Ансамбльдің концерттік репертуары халық музыкасынан және шетелдік композиторлардан тұрады. Ансамбль мүшелері өте шеберөздерінің сүйікті музыкалық аспаптарында (домбыра, қобыз, қылқобызда, саз сырнайда, шаңқобыз) ойнайды  және республикалық байқауларда өздерінің шеберліктерін көрсете біледі.

                 

View the embedded image gallery online at:
http://dk-zhansugurova.kz/kz/biz-turaly.html#sigFreeId0d312afcbf

 

4. «Жетісу» хореографиялық студиясы.

Би  тобы 2013 жылда құрылды. Көркемдік жетекшісі – Шалапанов сергей Владимирович. Топта 50 бала бар. Ұжымның оқушылармен жұмысының негізгі бағыты балаларды жаңа заман және спорттық би түрлерін үйрету. 2015 жылы топ ішінде конкурстық іріктеу арқылы черлидинг тобы құрылды. Бұл топта ең үздік  оқушылар іріктелініп алынды.

2015-2018 жылдар аралығында би топтары Республикалық және Халықаралық конкурс пен фестивалдар арасынан лауреат атақтарына бірнеше мәрте ие болды.

2018 жылы Жетісу «MAXIMUM» хореографилялық черлидинг би тобы Қазақстан Республикасының Черлиденг Федерациясына кірді.

 

      

View the embedded image gallery online at:
http://dk-zhansugurova.kz/kz/biz-turaly.html#sigFreeId43f748b6b4