Көркемдік жетекшісі–  Шалапанов  Сергей  Владимирович.

Хореограф -  Борисова  Юлия  Геннадьевна.

Ұжымның құрылған жылы  – 2013.

Балаларды үйретудегі негізгі бағыт – балалар, қазіргі заманғы және спорттық би түрлері.

2015 жылы ұжымда байқаулық топ черлидерлер командасы құрылды, оған  байқаулық іріктеуден өткен ең таңдаулы оқушылар  алынды.

2015 жыл мен  2018 жылдар аралығында ұжым  Республикалық және Халықаралық байқаулар мен фестивальдердің бірнеше рет лауреаты атанды.

2015 жыл – 31 мамыр – Спорт және эстрадалық би түрлерінің республикалық байқауында 1 орын (Алматы қ.)

2015 жыл – 30 қараша  – Әртістік би бойынша Еуропа мен Азияның Бірінші ашық чемпионатында 1 орын ( Алматы қ.)

2017 жыл – 26 наурыз – Черлидинг бойынша Қазақстанның  9-Ашық чемпионатында 3- орын  (Алматы қ.)

2017 жыл - 5 қараша -  Черлидинг бойынша 3- Еуропалық-Азиялық чемпионатта 1-орын.   ( Алматы қ.)

2018 жыл -26 наурыз  – Черлидинг бойынша Қазақстанның 10-чемпионатында  1 –орын. ( Алматы қ.)


2018  жылдан  «ЖЕТЫСУ» хореографиялық ұжымының «MAXIMUM» черлидерлер командасы Қазақстан Республикасы Черлидинг Федерациясы құрамына енді.  

2018 жылдың  қыркүйек айында Қазіргі заманғы және спорттық би федерациясы Президенті, Қырғызстанның контемпорари және модерні Оксана Поляничконың, сондай-ақ  Қырғызстанның Черлидинг  Федерациясы Президенті  Татьяна Кузнецованың  шақыруымен  біздің «Жетісу» би ұжымы Ыстықкөл облысы Чолпан ата қаласында, Қырғызстанның інжу-маржаны, көркем көлі -  Ыстықкөлдің жағасында орналасқан «Көгілдір Ыстықкөл» шипажайында 2018 жылдың 21 және 23 қыркүйек аралығында өткен «Аврора – дети солнца» атты 5 мерейтойлық фестивальге қатысып келді.  

Байқауға  Қырғызстанның әр түрлі қалалары мен аймақтарынан 500-ден аса бала қатысты.

Байқауға біздің ұжымнан кіші және орта топтың қыздары -  барлығы 17 адам  қатысты. Балаларды ата-аналары алып жүрді әрі демеушілік танытып, фестивальдің жол-сапарына қатысты барлық шығындарды толығымен төледі. Чолпан-Ата  қаласы жақын болмағандықтан , жолға автобуспен 11 сағат кетті.

Бұл фестивальде біздің ұжым  түрлі номинацияда алты би композициясын қойды. Құрамында Қырғызстанның  белгілі хореографтары болған байқаудың әділқазылар алқасы  Қазақстаннан келген біздің балалардың өнерін жоғары бағалады.

Осы фестивальде біздің балалар  алты марапатқа ие болды! Бес номинация бойынша біз 1 орын және бір номинация бойынша 2 орын алдық . Марапатқа балалар  Кубоктар, медальдар және атаулы дипломдар алды.

Сонымен қатар «Жетісу» хореографиялық ұжымның жетекшісі Шалапанов Сергей Владимирович пен хореограф Борисова Юлия Геннадьевна да дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Қырғызстанда болған күндері біздің балалар үшін де және ата –аналар үшін де  мәдени, ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды:

Ыстық көлде  теплоходпен серуендеу,  ыстық минералды суы бар бірегей сауықтыру кешеніне бару, сондай-ақ  Чолпан –Ата қаласында ашық аспан астындағы ұлттық мұражайға бару.