Бүгін 7 қараша күні І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Ұлттық валюта – Теңгенің енгізілген күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік кешке ҚР Ұлттық Банкі Алматы облыстық филиалының ұжымы, Ұлттық банк зейнеткерлері – ұлттық валютаны енгізуге тікелей қатысқан ардақты ардагерлеріміз, сондай-ақ Екінші деңгейдегі банктер мен Қазпошта акционерлік қоғамның басшылары, озат қызметкерлері және банк клиенттері қатысып отыр.
Ұлттық валютаны енгізу үшін Мемлекеттік банк Талдықорған облыстық басқармасының, аудандардағы касса-есеп айырысу орталықтары мен комерциялық банктер қызметкерлері бар күші мен жігерін жұмсады.
Мереке қарсаңында Теңгемізді енгізіп, айналысқа алғашқы шығарған азаматтарға, облысымызда банк ісінің өркендеуіне үлесін қосып келе жатқан қызметкерлерге үлкен алғыстарын білдіруге «Нұр Отан» партиясының Алматы облыстық филиалының Төрағасының бірінші орынбасары Сарыбаев Ғалиасқар Төлендіұлы және ҚР Ұлттық Банкі Алматы облыстық филиалының директоры Жұмабеков Ернар Ілиясұлы Ұлттық Банкінің негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге және ақша-кредиттеу саясатын орындауға үлесін қосқан қызметкерлерді алғысхатпен марапаттап, әзірлеген шағын сыйлықтарды тапсырды.