Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Алматы облыстық әкімдігімен бірлесе отырып, Талдықорган қаласында Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу аясында «Шертпе күй» республикалық фестиеалін І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында «Шертпе күй» республикалық фестивалінің бағдарламасына сәйкес: 25 қазан күні сағ. 10.00-де Талдықорған қаласы I.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Баспасөз конференциясы өткізіліп, сағат 11.00-де «Қырық буын қосбасар» дәстүрлі шертпе күйге арналған республикалық конференция және алқалы кеңес өтті, сағат 15.00-де Фестивальдің салтанатты ашылуы жэне конкурстың I кезеңі өткізілді. 26 қазанда сағат 11.00-де конкурстың II кезеңі және сағат 19.00-де Гала-концерт пен салтанатты марапаттау өткізілді.
Қазақтың қанын да, жанын да, ар-намысын да, бар болмысын да бір ауыз сөзсіз түсіндіре алатын бір құдірет болса, ол - күй. Сан ғасырлық саралану мен сұрыпталу дәуірінен өткен күйшілік өнер әр өңір күйшілерінің орындау мәнеріне орай аймақтық күй ұяларына байланысты дамыды, солардың бірі шертпе күй өнерінің мектебі.
Шертпе күйлер кең байтақ Қазақстанның шығысы — Алтай, Тарбағатай, орталығы — ¥лытау, Шыңғыс тау өңірінен бастап Жетісу, Қаратау, Сыр бойына дейін қонысталған ел арасына көп тараған, шертпе күйлердің орындаушылық негізін салып, мектебін қалыптастырушылар - Байжігіт, Бейсембі, Тәттімбет Қазанғапұлы, Көжеке Назарұлы, Сүгір Әліұлы.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Елордамыз - Астана қаласының 20 жылдығы аясында халқымыздың мәдениетін сақтау және ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу арқылы дәстүрлі өнеріміздің төл туындыларын кеңінен насихаттау мақсатында «Шертпе күй» Республикалық фестивалінің аясында Тәттімбет Қазанғапұлы атындағы «Қырық буын қосбасар» атты Республикалық шертпе күйшілер конкурсын ұйымдастырады.
http://dk-zhansugurova.kz/kz/zhanaly-tar/101-shertpe-k-j.html#sigFreeId6a0894f15e