Құрметті біздің оқырмандарымыз !!!

Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында V Халықаралық «ЖАС ВИРТУОЗДАР» атты балалар мен жасөспірімдер арасындағы аспапта шебер ойнау өнер байқауының ІІ-кезеңі 16 мамыр күні сағат 15:00де өтеді. Оған жеке аспаптарда ойнайтын орындаушылар, Республикалық байқаулардың жеңімпазы атанып жүрген өнерлі өрендер қатысуда.

Әділ қазылар алқасында Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, дирижёр Жанас Бекентұров, ҚР Мәдениет қайраткері, дирижёр Нұрлан Бекенов, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Әли Алпысбаев, Қазақ Ұлттық "Құрманғазы" оркестрінің концертмейстері Әсел Рақымжан, ҚР Мәдениет қайраткері, қобызшы Айнаш Қабыкенова, Халықаралық байқаулардың лауреаты, домбырашы Самат Жексенбаев қазылық етіп отыр.