8 - қаңтар күні І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының 2018 жылғы атқарған жұмыстарының қорытынды есебінің жиыны өтті. Жиында атқарылған шаралар легі айтылып, 2019 жылы жасалатын жұмыс жоспары талқыланды.

 

Шараға Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Көлбаев Марлен Қапашұлы арнайы қатысып, жылдық қорытынды бойынша атқарылған шараларға оң бағасын беріп, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Ерен еңбегі үшін" медалімен Айнақұл Ұлжан Өстенқызын, ҚР мәдениет және спорт министрлігінің "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісімен Бозымбеков Нұрланбек Қуандықұлын, "Қазақ өнерінің қайраткері" медалімен Дәуренбекова Эльмира Жабықбайқызын, сондай- ақ облыс әкімі А.Ғ.Баталовтың Құрмет грамотасымен Әбутәліп Аманжол Әбутәліпұлын және басқарма атынан бірқатар әртістерді марапаттады.

.