«Парасатты полицей - 2018» республикалық байқаудың ережесі

 

Бірінші кезең: Таныстыру сайысы – әр командаға берілетін уақыт 5 минут. Бұл сайыста командалар ішкі істер органдарында қызмет етудің мәртебесін, жұмыстарының ерекшеліктерін және қызметте қазақ тілін қолданудағы жетістіктерін ерекшелей отырып өздерін таныстырады.

        

Екінші кезең: «Сәлем, Астана!» атты  сахналандырылған көрініс сайысы. Бұл сайыста командалар Астана қаласының 20 жылдық мерейтойын ескере отырып, Астана қаласының басты ерекшеліктерін, оның басқа қалалар арасындағы орнын, жетістіктерін сахналық көрініс арқылы көрсетеді. Берілетін уақыт – 6 минут.

          

Үшінші кезең: Көркемсөз сайысы. Команданың бір мүшесі қазақ ақындарының Қазақстан, Астана, қазақ тілі туралы бір өлеңін мәнерлеп оқиды. Берілетін уақыт – 2 минут.

 

Қазылар алқасы

 

 Қазылар алқасының төрағасы – Қазақстан Республикасы  Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры  Алмас Кәдірбекұлы Садубаев

 

Қазылар алқасының мүшелері:

 

Ішкі істер министрлігі Кадр жұмысы департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Оңал Бекеев Ботайұлы

 

 «ҚР ішкі істер органдарының медиа-орталығы» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының орынбасары Ербол Қуандықұлы Дүйсенов

 

Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрының директоры, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті жанындағы «Жас түлек» студенттік театрының көркемдік жетекшісі Ғалия Амеркамзақызы Темірбаева

 

 

Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, арқалы ақын, Қазақстанның құрметті журналисі, ҚР-ның мәдениет қайраткері, Қаратал және Көксу аудандарының құрметті азаматы Әміре Әрін

 

Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының көркемдік жетекшісі Равиль Набиулы Сайфуллин

 

Танымал айтыскер ақын Балғынбек Имашев

 

Қазылар алқасының шешімі бойынша Ішкі істер органдары қызметкерлері арасында өткізілген "Парасатты полицей" республикалық байқауында «Ұйымшыл команда» номинациясына ие болған Ақтөбе облысы Ішкі істер департаментінің «Серт береміз!» командасы марапатталды.

 

«Өнерлі  команда» номинациясына ие болған Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының «Қабылбаев ұрпақтары» командасы марапатталды.

 

 «Үздік сахналық көрініс» номинациясына ие болған Атырау облысы Ішкі істер департаментінің «Бейбарыс» командасы марапатталды.

 

 «Көркемсөз шебері» номинациясына болған Қарағанды облысы Ішкі істер департаментінің «Алаш айбыны» командасы марапатталды.

 

Көрермен  көзайымы» номинациясына ие болған Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің «Алтын Алтай» командасы марапатталды.

 

 «Тілі басқа,  тілегі бір» номинациясына ие болған Батыс Қазақстан облысы ІІД-нің «Парасатты полицей» командасы  марапатталды.

 

 

 Ішкі істер органдары қызметкерлері арасында өткізілген "Парасатты полицей" республикалық байқауында жүлделі ІІІ орынға ие болған Ақмола облысы ІІД-нің «Көкше сақшылары» командасы  марапатталды.

 

Жүлделі ІІІ орынға ие болған Көліктегі ІІД-нің «Көлік сақшылары» командасы марапатталды.

 

Жүлделі ІІІ орынға ие болған Қызылорда облысы ІІД-нің «Айбынды» командасы марапатталды.

 

Жүлделі ІІ орынға ие болған Маңғыстау облысы ІІД-нің «Каспий»  командасы марапатталды.

 

Жүлделі ІІ орынға ие болған Қостанай облысы ІІД-нің «Қостанай қырандары» командасы марапатталды.

 

Жүлделі І орынға ие болған Шымкент қаласы ІІД-нің «Мегаполис»  командасы марапатталды.

 

Байқауымыздың бас жүлдесіне ие болған Солтүстік Қазақстан облысы ІІД-нің «15-ші өңір»  командасы марапатталды.

 

.