Ғылым иесі ғалым, ер қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диханшы да, мал бағып терін төккен шопан да, бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. 5 қазан күні І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында «Мектеп білім тірегі- ұстаз оның жүрегі» атты мерекелік концерт өтті.
Ұстаздарды төл мерекелерімен Талдықорған қаласының әкімі Шалтабаев Дастан Тұрарбекұлы арнайы келіп құттықтады. Арнайы құрмет грамоталары және алғыс хаттарын табыстап, ұстаздарды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Мерекелік шараны «Талдықорған әуендері» халықтық, фольклорлық-этнографиялық ән-би ансамблі одан әрі жандандырды.
http://dk-zhansugurova.kz/kz/zhanaly-tar/94-mektep-bilim-tiregi-staz-ony-zh-regi.html#sigFreeId80f542d0f4