2018 жылдың 4-5 қазан күндері Алматы облысында І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында өтіп жатқан «Парасатты полицей» республикалық конкурсы өтуде. Еліміздегі ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ІІМ ведомстволық жоғары оқу орындары қызметкерлері арасында мемлекеттік тіл мәртебесін арттыру мақсатында ІХ рет өткізіліп отырған іс-шараға еліміздің барлық аймағынан 21 команда дүбірлі додада бағын сынауда.