Құрметті өнер сүйер қауым! 15 қараша күні, Қазақ өнерінің жұлдызы, әлемдік деңгейдегі скрипкашы Айман Мұсақожаеваның қатысуымен өтетін «Классикалық музыка кеші» атты ұлы өнер кешіне шақырамыз. Бұл кеште Роза Бағланова атындағы Қазақконцерт бірлестігінің Солистер Академиясы камералық оркестрі мен Дәнеш Рақышев атындағы Жетісу облыстық филармониясының эстрада симфониялық оркестрі өз өнерлерін көрсетеді. Кештің дирижері — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Құрмет және Парасат ордендерінің иегері, танымал композитор Әли Алпысбаев. Классикалық музыка мен заманауи әуендердің үйлесімінде тыңдарманға ерекше әсер сыйлайтын бұл кешті жіберіп алмаңыздар. Сіздерді осы ұмытылмас сәттерге куә болуға шақырамыз! Мекен жайымыз: Талдықорған қаласы, Н.Назарбаев даңғылы 67, І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайы
Кіру тегін