І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында ұжым арасында және Мәдени мұра ұжымының қатысуымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған дөңгелек үстелде Егемендік және мемлекеттік атрибуттар арқылы отансүйгіштікті қалыптастыру, әскери қызметкерлер мен жастар санасын қалыптастырудағы мемлекеттік рәміздердің рөлі, т.б. тақырыптар қозғалды. Қоғамның әрбір мүшесі қастерлеуге тиіс мемлекеттік рәміздер – қазақ елінің өткені мен бүгіні деген патриоттық сезім сезілді.
Біз – қазақстандықтармыз және мұны зор мақтанышпен айтамыз. Қазақстан мемлекетін құру, қазақстандық болу – бізге тағдыр сыйлаған ұлы бақыт. Біз оны әрдайым зор мақтаныш сезіммен ұрпақтан ұрпаққа табыстайтын боламыз. Ендеше әрдайым бар болайық, бір болайық, ата-баба армандаған азат елімізбен жарқын болашаққа бірге барайық.
Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бет түзеген ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай берсін!
Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын! Рәміздер күні құтты да, берекелі болып, ел бірлігі жасай берсін!
http://dk-zhansugurova.kz/kz/zhanaly-tar/591-4-mausym-aza-stan-respublikasyny-memlekttik-r-mizder-k-ni.html#sigFreeIda0aec16ebe