Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайының ұйымдастыруымен “Жас виртуоздар” дарынды жасөспірімдер мен балалар арасында V Халықаралық байқауының II кезеңі өтуде. Конкурстың 2ші кезеңінде 29 үміткер қатысты, Алматы қаласы, Жамбыл облысы, Жетісу облыстарынан. V Халықаралық байқауының II кезеңі М.Төлебаев оркестрінің сүйемелдеуімен өтуде. Республикалық байқаулардың жеңімпазы атанып жүрген өнерлі өрендер қатысуда.

Әділ қазылар алқасында Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, дирижёр Жанас Бекентұров, ҚР Мәдениет қайраткері, дирижёр Нұрлан Бекенов, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Әли Алпысбаев, Қазақ Ұлттық “Құрманғазы” оркестрінің концертмейстері Әсел Рақымжан, ҚР Мәдениет қайраткері, қобызшы Айнаш Қабыкенова, Халықаралық байқаулардың лауреаты, домбырашы Самат Жексенбаев қазылық етіп отыр.