Бүгін 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай Талдықорғанда әскери қызметшілерге құрмет көрсетілді. Мерекелік шараға облыс әкімі Бейбіт Исабаев қатысты.

Салтанатты шараның ашылуында ҚР мемлекеттік әнұраны шырқалып, содан кейін батырлардың рухына тағзым етіліп, бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

Осыдан кейін қаланың орталық саябағындағы Даңқ обелискісіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Оған облыс әкімі Бейбіт Исабаев, қала басшылығы, ардагерлер мен Қазақстанның Қарулы күштерінің қызметшілері қатысты.

Өңір басшысы ардагерлермен әңгімелесіп, мерекесімен құттықтап, зор денсаулық пен амандық тіледі.

Осы күні Отан қорғаушылардың құрметіне І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында мерекелік концерт ұйымдастырылды.