2024 жылдың 28 наурыз күні І.жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Қазақстанның шекаралық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойыншы департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының қосқан үлесіне 100 жыл (1924-2024) атты тақырыпта кеш өтті.
Бүгінгі шекара шебін күзету ісінің шеберіне айналған Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының құрылғанына 100 жыл толуына арналған тақырыптық кештің аясы кең болды. Көрермен шекарашылардың жауынгерлік қызметте пайдаланатын қару-жарақ көрмесін тамашалады. Сонымен қатар, шекарашылардың қырағы қызметіне арналған кітап көрмесімен танысты. Шараның жоспарына сай офицерлеріміздің ел шетін күзеткен сақшылардың өмірі мен тыныс-тіршілігі туралы банядама және бейнефильм көрсетілді. Кеш соны концертпен аяқталды.
http://dk-zhansugurova.kz/kz/zhanaly-tar/525-100-zhyl-2.html#sigFreeIdc686350852