Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 32 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекет.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайы «Көк тудың желбірегені» атты дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелге қатысқан қонақтарымыз Алматы облысының, Қаратал және Көксу аудандарының Құрметті азаматы,халықаралық «Алаш»әдеби сыйлығының лауриаты.халықаралық «Шыңғысхан академиясының академигі,Қазақстан жазушылар және Журналистер одағының мүшес. ҚР Мәдениет қайраткері, Құрмет орденінің иегері, Ақын Әміре Арын. Кино және театр актёры Талдықорған қаласы Ескелді ауданының Құрметті азаматы ҚР мәдениет қайраткері Сағындық Жұмаділ.
Ақын, Ақсу ауданының Құрметті азаматы, І.Жансүгіров атындағы Университеттің професоры «Бірлік» және «Ерен еңбегі» үшін медальінің иегері Ғабит Тұрсынбай. ҚР мәдениет саласының үздігі Қазақстан жазушылар одағының Жетісу облыстық филиалының төрағасы ақын Жангелді Немеребай.