І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында «ЖЕТІСУ САЗЫ» Республикалық фольклорлы-этнографиялық ансамбльдер байқау - фестивалінің Гала-концерті өтті. Фестивальға 8 ансамбль қатысып, өз өнерлерін көрсетті.
Республикалық фольклорлы-этнографиялық ансамбльдер байқау - фестивалінің қазылар алқасы құрамы:
1. Тілегенов Бағдат Беспайұлы - ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Стамбул қаласының «Құрметті азаматы», «Сазген сазы» ФЭА-нің көркемдік жетекшісі;
2. Дүйсен Орынбай - ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Композиторлар Одағының мүшесі, Өнертану ғылымының профессоры, Күйшілер Одағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі, Қазақ Ұлттық Өнер университетінің профессоры;
3. Ләззат Мүләзімоғлы - Түркия Мемлекетінің Мәдениет және Туризм Министрлігінің қарамағында арнайы құрылған Түркі халықтарының музыкалық ансамблінің көркемдік жетекшісі. Қазақ өнерін насихаттағаны үшін Түріксой медалі, Отандастар Қоры тарапынан екі елдің арасындағы қарым қатынасты нығайтуға қосқан үлесі үшін төсбелгісі, «Ұлы Дала» бірлестігі тарапынан «Ел Ардақтысы» төсбелгісінің иегері;
4. Айсын Жексен Қуанұлы - ҚР Мәдениет қайраткері, белгілі музыка өңдеуші, Құрманғазы атындағы Ұлттық халық аспаптар оркестрінің дирижері;
5. Мұса Әділет Төлеуұлы - Дәстүрлі орындаушы, «Құрмет» орденінің иегері, Темірбек Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясынының ұстазы;
6. Алпысбаев Әли Демегенұлы - ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет»,"Парасат" орденінің иегері, дирижер, композитор
http://dk-zhansugurova.kz/kz/zhanaly-tar/406-zhetisu-sazy-respublikaly-folklorly-etnografiyaly-ansamblder-baj-au-festivalini-gala-kontserti-tti.html#sigFreeId66e1e2ec27