Super grand prize бас жүлдесі! 2023 жылғы 1-5 қараша аралығында Түркияда, Стамбул қаласында Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Грузия және Беларусь елдері арасында "Istanbul AUTUMN FESTIVAL" хореографиялық өнердің VIII халықаралық фестиваль-байқауы өтті. Бұл байқауға біздің отандастарымыз "І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайы" жанындағы "Алтын дән" халық би ансамблі қатысып, super grand PRIZE бас жүлдесін жеңіп алды! Біз сіздермен мақтанамыз!