Жетісу облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының  ұйымдастыруымен IV Халықаралық «Жас шеберлері»  (Юные виртуозы) IV Халықаралық балалар мен жасөспірімдер арасындағы аспапта шебер ойнайтын орындаушылар байқауы 2023 жылдың 11 мамыр күні байқауының  I туры (онлайн форматта) басталды. Байтақ еліміздің әр аймағынан, Астана және Алматы қалаларынан келіп бақтарын сынағалы отырған барша үміткерлермен қатар, алыс-жақын шет мемлекеттерден келген өнер шеберлеріне  Жетісу облыстық мәдениет, архивтер және  құжаттама басқармасының  бастығы Ермек Доланғаранов жұлдызды сәт, құтты қадам тіледі. Байқауға Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей елдерінен, Астана, Алматы Қызылорда, Ақтау қалаларынан үміткерлер қатысуда. Бәйгелі мәреде мерейлеріңіз үстем болсын!

Жетісу жеріне қонақ болып, байқау барысында төрелік жасаған әділ қазылар алқасында:

1. ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, белгілі дирижёр, Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияның "Құрметті профессоры" Жанас Бекентұров;

2. ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атын ұлттық консерваторияның профессоры, Ерсайын Басығараев мырза;

3. Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі, "Құрмет" орденінің иегері Тұрсынхан Қарақожаева;

4. ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері, композитор-дирижёр Әли Алпысбаев;

5. ҚР Мәдениет қайраткері, дирижёр, ұлағатты ұстаз Ерболат Еркенов.