Біз соғысты,
Жеңгеніміз үшін еске алмаймыз,
Жамандықты ешуақытта жақтамаймыз.
Ұрпаққа айта береміз, қайта айтамыз,
Бұндай жағдай ешуақытта болмасын деп!
Қайталаймыз ұрпаққа қайталаймыз! – деп Ауған соғысының ардагерлері айтуда.
2023 жылдың 15 ақпан күні «От пен оқтың арасы» атты дөңгелек үстел қонақтарымыз Ауған соғысы кезіндегі Қазақстандық жауынгерлердің ерлігі, қажыр-қайраты, олардың бір-біріне деген достық және бауырмалдық көмегі, от пен оқтың ортасындағы жан кешті тағдыры елімізге үлгі-өнеге болған Ауған соғысы ардагерлерінің төрағасы Ерғожанов Еркін Асқарұлы, Ауған соғысы ардагерлері Әйнеков Марат Сейтайұлы, Омаров Амангелді Жұмаханұлы, Оразалиев Алмас Өтегенұлы І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайының ұжымымен кездесу өткізді.
Жылма-жыл ақпан айының ортасында біз Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, олардың рухтарының алдында бас иеміз. Өйткені бұл соғыста 18-19 жасар өрімдей жас жігіттер, ардақты ағалар, аяулы әкелер жазықсыздан -жазықсыз құрбан болды. Бүгінгі жастар өздеріндей жігіттердің Отан алдындағы борышын адал орындағандарын ұқсын, олардың патриоттық сезімінен тағылым алсын деген ниетпен бүгінгі кездесуді өткізіп отырмыз.
http://dk-zhansugurova.kz/kz/zhanaly-tar/288-ot-pen-o-tyn-arasy.html#sigFreeId918099b779