Ағымдағы жылдың ақпан айының 9-ы күні І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған “Әр өлеңі-бір әлем” атты дөңгелек үстел Мәдениет сарайының ұжымымен өткізілді. 

Кеш қонақтары ҚР Мәдениет қайраткері, “Құрмет” орденінің иегері, Қазақстан жазушылар және журналистер одағының мүшесі ақын - Әміре Әрінұлы;

Ақсу ауданының Құрметті азаматы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің Құрметті професоры, ақын - Ғабит Тұрсынбай;

ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР ақпарат саласының үздігі, ақын -Жұматай Оспанұлы;

Қазақстан ақын-жазушылар одағының мүшесі, ақын Жангелді Немеребай және Республикалық, облыстық мүшайралардың жеңімпазы, “Алғыс” өлеңдер жинағының авторы ақын Азамат Нұрмұхан.