2022 жылдың 11 маусым күні І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының жиналысында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың қатысып Жетісу облысының әкіміне ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың депутаттар таңдауына жолдаған екі кандидатурасын таныстырды.

Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 8 маусымдағы №912 Жарлығымен бекітілген облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қажет.

Осы орайда Жетісу облысының әкімі лауазымына тағайындауға келісім беру мәселесін өңір депутаттарымен қарап, үміткерлер Бейбіт Исабаевпен Бағдат Қарасаевтың болашақ бағдарламаларын тыңдадық.

Жиын одан әрі дауыс беру рәсіміне көшіп, санақ комиссиясын өз жұмысын бастап, кандидатқа берілген дауыстарды санады.

Одан әрі дауыс беру нәтижесін таныстырып, көп дауыс алған үміткер Бейбіт Исабаев анықталады.