2025 жылдың 21сәуір күні І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында техникалық және кәсіптік білімнің мәртебесін көтеру, жас мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында «WorldSkills Zhetysu - 2025» аймақтық чемпионаты салтанатты түрде ашылды!
21 - 25 сәуір аралығында өтетін бұл ауқымды шара - жастардың шығармашылығын, еңбекке деген сүйіспеншілігін, заманауи дағдыларын көрсетуге арналған кәсіби алаң.
Бүгінгі күні:
- Қатысушылар тіркеліп, алғашқы кезеңдерге қатысты
- Сарапшылар мен тәуелсіз эксперттер жұмысқа кірісті
- Колледж базаларында түрлі құзыреттілік бойынша бәсекелер басталып кетті
25 құзыреттілік, 155 қатысушы, 4 колледж базасы, еліміз бен шетелден келген мамандар - барлығы бір арнада:
Болашақ мамандардың дамуы үшін!
Қатысушылар IT, графикалық дизайн, инженерия, аспаздық, дрондар, видеомонтаж және басқа да бағыттарда өз шеберліктерін сынауда.
Чемпионат жеңімпаздары Астана қаласында өтетін Ұлттық чемпионатқа жолдама алады!
http://dk-zhansugurova.kz/kz/is-sharalar/675-zhetisuda-worldskills-zhetysu-2025-z-bastauyn-aldy.html#sigFreeId71b08137f3