Гендерлік зорлық-зомбылық мәселесін белсенді шешуге жастарды тарту және оның қоғамға әсері туралы хабардарлығын арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 6 желтоқсан күні І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында "Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні" халықаралық науқаны өзінің бастауын алды. Намазбаев Айдарбек Билібекұлы «Жанұяа отбасын қорғау» орталығының заңгері, Иманхатова Гулвира Жалгасбековна әлеуметтік көмек көрсеті орталығының маманы және Такперова Мира Темирхановна Әйелдерді қорғау өш орталығының маманы, Скобляшова Ольга Викторовна Әйелдерді қорғау орталығының псиколг маманы қонаққа шақырылып мәдениет сарайының ұжымы мен «Жетісу облысының тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталығының ұжымы арасында дөңгелек үстел өткізілді.
Әйелдер мен қыздарға, балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесі өзекті күйінде қалып отырғаны атап өтілді. Мұндай жағдайлар батыл әрі нақты әрекеттерді талап етеді.
Біз "Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн" науқанға біріге қосыламыз және барлық адамдарды әр адамның зорлық-зомбылықсыз өмір сүру құқығын қолдауға шақырамыз!
http://dk-zhansugurova.kz/kz/is-sharalar/658-genderlik-zorly-zombyly-a-arsy-16-k-n.html#sigFreeIdaf6d3c9cba