Қазақстан фермерлер қауымдастығының Жетісу облысы бойыша филиалының конференциясы 2024 жылды4 23 ақпанда облыс орталығы Талдықорған қаласында өтті. Жиналысқа Қазақстан фермерлер қауымдастығының басқарма төрағасы, ҚР Парламент Мәжілісі депутаты Жигули Молдахалықұлы Дайрабаев, Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі Асқар Санаубаров, облыстық ауыл шаруашылық басқарма басшысы Нұрдәулет Кененбаев, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, облыстық, аудандық мәслихаттардың депутаттары, квазимемлекеттік сектордың өкілдері және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, облыстық фермерлер қауымдастығының алқа мүшелері және 8 аудан, 2 қала және 113 ауылдық округтерден барлығы 100-ден аса адам қатысты.

Жиналысты филиал басқарма төрағасы Асқар Қалиұлы Шәріпов ашып, өз баяндамасында жасалған жұмыстар туралы және туындаған проблемалардың шешу жолдарын баяндап берді.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ облыстық филиалының директоры Ізбасар Жүсіпбеков биылғы жылғы фермерлерді несиелеу тәртібіне тоқталып, фермерлердің қойған сұрақтарына жауап берді

Панфилов ауданы фермері Қуаныш Карипжанов Аграрлық несие корпорациясының талап ететін құжаттар саны 33, бұл өте көп, соны қысқарту турулы ұсыныс берді.

Қаратал ауданыны фермері Ғазиз Жаткеев несиелеуге анықталған шекті мөлшерлерін қайта қару үшін жұмыс тобын құру және шығындар нормативтерін қайта қарау керектігін жеткізді.

Ақсу ауданы фермері Александр Квитко несиені 22 пайызбен беріп, 6 пайыздыққа жеткізу үшін берілетін субсидия фермерлерді әуре салаңға салады деді. Соны шешу үшін Агробанк тезірек құрылуын өзектеді.

Ескелді ауданынан жеке кәсіпкер Жанат Саргалдақов 200-300 жүгері өткізуші фермерлер атынан Ж.Дайрабаев мырзаға хат тапсыратынын мәлімдеді.

Ескелді ауданы фермері Руслан Будурбаев ет өткізетін жер жоқ. Делдалдар бағаны сындырып қарапайым халықтан арзан бағамен ет сатып алуда. Талдықорған қаласында заманауи мал Сою пунктін салуды жоспарлап отыр. Осы мәселе бойынша Қауымдастықтың басқарма төрағасы, Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаевтың атына ресми хат жолдау туралы келісілді.

Талдықорған қаласының фермері Еркінбек Слямов ауыл шаруашылығы министрлігі өсірілген егінді сатып алуға қандай кепілдіктер бере алады және фермерлерді салықтан босату туралы айтты.

Жиналыста Қазақстан фермерлер қауымдастығының басқарма төрағасы, ҚР Парламент Мәжілісі депутаты Жигули Молдахалықұлы Дайрабаев Парламент, Үкімет тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар туралы, ауыл шаруашылығында оң өзгерістер болатыны, жергілікті жерлерде Қауымдастықтың филиалдары Жергілікті тәжірибелі сала мамандарымен, атқарушы билік органдарымен бірлесіп, фермерлердің ұсыныстарын тыңдап, нәтижелі жұмыс атқаруы тиіс.

Кәсіпкерлер мен фермерлердің мүддесі біреу ғана- ол бизнестің дамуы! Ал Қазақстан фермерлері қауымдастығы тұтас отандық ауыл шаруашылығы барлық саласының дамуын қолдайтынын және көтерілген мәселелердің шешімін табуға ат салысуға әзір екендігін білдірді.

Жиналыс соңында ҚР Парламент Мәжілісі депутаты Жигули Молдахалықұлы Дайрабаев үздік облыс фермерлерін марапаттады.

Жалпы жиналыс жоғары дегейде және өте нәтижелі бағытта өтті.