2023 жылдың 14 казан күні І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында  Мұқан Төлебаев атындағы халық аспаптары оркестрінің Классикалық музыка кешінің ІІ маусымашар концертті өтті.

Концертте  Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, “Құрмет” орденінің иегері, оркестрдің бас дирижёрі:Әли Алпысбаев, көркемдік жетекшісі, әрі дирижёрі Медет Есбергенов, ҚР мәдениет саласының үздігі Сауле Алимбетова, ҚР мәдениет қайраткері Оралбай Мұхамедиев, және Халықаралық байқаулардың лауреаттары Сағыныш Кенжеғалиқызы, Данель Мырзабеков, Жомарт Такебаев, Салтанат Мұратқызы, Толқын Скакова, Гулім Ахманова, өнер көрсетті!
Кеш аясында: “Бұл-бұл”, “Поцелуй”, “Бессаме мучо”, “Славянский танец”, “Серпін”, “Увертюра”, “Қазақ вальсі”, “Чардаж”, “Болеро”, “Дайрабай” және т.б таңдаулы әндер орындалды.