2023 жылдың 27 қыркүйек күні І.жансүгіров атындағы мәдениет сарайында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атындағы Ұлттық консеваторияның "Құрметті профессоры", Елімізге белгілі дирижёр Жанас Бекентұровтың
М.Төлебаев атындағы халық аспаптары оркестрімен шығармашылық кеші өтті. Кеш қонақтары Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Оралбай Мұхамадиев, Халықаралық конкурстардың лауреаттары Салтанат Мұратқызы мен ақбота Қалдыбай. Оркестрге өңдеп түсірген "Мен сәлем жазамын", "Арман қала Алматы" және Абайдың "Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлым" әндері шырқалды. Құрманғазының әйгілі «Сарыарқа»,"Адай" күйлері сияқты қазақ күй өнерінің жауһарлары орындалып көптің көңілінен шықты.
Әсем ән мен тәтті күй тыңдап қайтқан Жетісулықтар әдемі кештің куәсі болды. Қазақ елінің кәсіби өнерінің дамуына зор үлесін қосып жүрген маэстро Жанас Бекентұров ағамызға тұғырыңыз биік болсын дейміз.
http://dk-zhansugurova.kz/kz/is-sharalar/350-zhanas-bekent-rovty-kontserti.html#sigFreeId189e409441