2022 жылдың 16 сәуір күні сағат 20:30-да Күллі Түркі елінің қара шаңырағы атанған – Ұлы қазақ даласында, Жер жаннаты Жетісудың төрінде, Қазақтың Тұңғыш классигі КСРО халық әртісі, композитор Мұқан Төлебаев атындағы халық аспаптары оркестрінің «Классикалық музыка» кеші өтті. Республикамызға, облысымызға белгілі өнерпаздардың өнерін халық қошеметпен тамашалады. Оркестрдің көркемдік жетекшісі, дирижері, халықаралық байқаулардың лауреаты Медет Есбергенов, оркестрдің бас дирижері ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, композитор Әли Алпысбаев. Кеш ұйымдастырушылар Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы, І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайы.
http://dk-zhansugurova.kz/kz/is-sharalar/223-klassikaly-muzyka-keshi.html#sigFreeId062bdae76a