2022 жылдың 1 сәуір күні сағат 19.00-де І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясының Қазақ оркестрінің дирижері, күйші-композитор, Мәдениет қайраткері, Алматы облысы Кербұлақ ауданы Қоянкөз ауылының тумасы, жерлесіміз НҰРЛАН БЕКЕНОВТЫҢ

"ЕЛГЕ СӘЛЕМ" атты шығармашылық кеші өтті. Кешке қатысқан: Мұқан Төлебаев атындағы халық аспаптары оркестрі. Оркестрдің көркемдік жетекшісі:Медет Есбергенов, оркестрдің бас дирижері ҚР еңбек сіңірген қайраткері, композитор Әли Алпысбаев, ҚР мәденинт қайраткері Оралбай Мұхамадиев,Республикалық байқаулардың лауреаты Мұхит Мүкенұлы және қонақтар Серік Бекенов, ҚР мәдениет қайраткерлері:

Қанат Айтбаев, Светлана Айтбаева және Арайлым Рақымқызы.