2022 жылғы 15 ақпан күні І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында 15 ақпан Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына арналған Талдықорған қаласы әкімінің салтанатты шарасы өтті. Мерекелік шарада қала басшылы атынан Талдықорған қалалық мәслихатының хатшысы Ахажан Темірболат Жанболатұлы құттықтау сөз сөйлеп, Ауған соғысының ардагері Бесбеков Қазыбек Қантайұлына Талдықорған қаласының құрметті азаматы атағын табысталды. Сонымен қатар, Ауған соғысының ардагерлеріне Талдықорған қаласы әкімінің құрмет грамотасымен, алғыс хаттарымен және Ауған соғысының батыры «Қара майор» Керімбаев Борис Төкенұлы атындағы төсбелгісімен марапаттады. Мерекелік шара соңы қала өнерпаздары дайындаған мерекелік концертпен жалғасын тапты.
http://dk-zhansugurova.kz/kz/is-sharalar/203-2022-zhyl-y-15-a-pan-k-ni-i-zhans-girov-atynda-y-m-deniet-sarajynda-15-a-pan-ke-es-skerini-au-anstan-zherinen-shy-aryl-anyna-33-zhyl-toluyna-arnal-an-taldy-or-an-alasy-kimini-saltanatty-sharasy-tti.html#sigFreeId6937c3d791