Алматы облысының Әкімдігі Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен 11 маусым күні І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Республикалық «Жас шеберлер» /Юные виртуозы/ атты балалар мен жасөспірімдер арасындағы аспапта шебер ойнау байқауының баспасөз конференциясы өтті. Баспасөз конференциясын жүргізген Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы ақын, композитор Ғұмаров Төлеужан Нүсіпжанұлы. Байқаудың әділ-қазылар мүшелері:
Әділ-қазылар алқасының төрағасы - Басықара Ерсайын Бақытұлы, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Садыков Фарух Тоджиевич - Өзбекстан Республикасының халық әртісі.
Аширов Нүркен Нұрғалиұлы - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының директоры.
Қарақожаева Тұрсынхан Төкенқызы – ҚР еңбек сіңірген әртісі, Талдықорған балалар өнер мектебінің директоры.
Алпысбаев Әли Демегенұлы -Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, дирижер-композитор.
http://dk-zhansugurova.kz/kz/is-sharalar/190-zhas-sheberler-baspas-z-konferentsiyasy.html#sigFreeId46a76f5e8a