Күй өнері – қазақ халқының ең құнды, бағалы мұраларының бірі. Қаны мен жанында күй ойнаған ұлтымыз тума таланттарға кенде емес. Сондай дарын иелерінің бірі – қазақ өнерінде өзінің өшпес ізін қалдырған күйші, композитор Дина Нұрпейісованың туғанына биыл 160 жыл толып отыр. 2021жылдың 16 сәуір күні І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, елімізге белгілі дирижер, композитор Алпысбаева Али Демегенұлының бастауымен Халық әртісі, күйші, композитор Дина Нұрпейісованың туғанына 160 жыл толуына байланысты Жетісу өңірінің белгілі күйшілері және өнер қайраткерлерімен дөңгелек стол отырысы өтті. Кеш қонақтары:
ТАУБАЛДИЕВА Жұматай - І.Жасүгіров атындағы Жетісу университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Қазақстанның үздік ұстазы ордені нің иегері.
АСҚАРБЕКОВ Бақберген - І Республикалық Құрманғазы атындағы конкурстың жүлдегері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Алматы облысының құрметтi азаматы.
ОРАЗАЕВ Талғат - ҚР Мәдениет қайраткері, М.Төлебаев оркестрінің мүшесі.
НҰРБЕРГЕНОВА Айнұр - Халықаралық байқаулардың лауреаты.
Жанар ОЛЖАБАЙҚЫЗЫ - Республикалық конкурстардың лауреаты, Қ.Байсейітов атындағы саз колледжінің ұстазы.
ЖЕКСЕМБАЕВ Самат - Республикалық байқаулардың лауреаты және І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайының көркемдік жетекшісі - Ғұмаров Әділжан Нүсіпжанұлы қатысты.
http://dk-zhansugurova.kz/kz/is-sharalar/185-aza-nerinde-zini-shpes-izin-aldyr-an-k-jshi-kompozitor-dina-n-rpejisova-a-160-zhyl.html#sigFreeIdc3fb2ebf6d