2021 жылдың 9 ақпан күні І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған, ақынның өлеңдеріне жазылған әндерден ІІІ Республикалық "Жырлайды жүрек" әншілер арасындағы онлайн байқаудың қорытынды Гала-концертінің алдында баспасөз конференциясы өтті. Қазылар алқасы мүшелері мен қатысушылар М.Мақатаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.