2021 жылғы 5 наурыз күні сағат 15.00 де І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында ардақты әжелеріміздің, аяулы аналарымыздың, қырмызы қыздардың төл мерекесі 8 – наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған Талдықорған қаласы әкімінің мерекелік салтанатты шарасы ұйымдастырылды. Қоғамның әр саласында қажырлы еңбек етіп, еліміздің дамуы мен нығайуы жолында ерлермен иық тіресе еңбек етіп жүрген нәзік жандарды төл мерекелерімен қала әкімі Жасыбаев Ержан Бәкірбайұлы құттықтап, «Құрмет грамотасы» және «Алғыс хаттарын» табыстады. Мерекелік шара «Талдықорған әуендері» халықтық, фольклорлық-этнографиялық ән-би ансамбілінің және «Мелоди кидс» ән студиясы тәрбиеленушілерінің ән-жырларымен жалғасты.
http://dk-zhansugurova.kz/kz/is-sharalar/162-2021-zhyl-y-5-nauryz.html#sigFreeId1394d7f9c8