2 ақпан күні Талдықорған қаласы І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған, ақынның өлеңдеріне жазылған әндерден ІІІ Республикалық "Жырлайды жүрек" әншілер арасында онлайн байқаудың екі номинация (эстрадалық, дәстүрлі ән) бойынша іріктеу туры өткізіліп жатыр.
Байқауға 14 облыс, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан 82 өнерпаз қатысты.
Байқауға қатысушылардың өнерлерін саралаған қазылар алқасы:
Стамғазиев Рамазан Өмірәліұлы, Жақыпбекова Әлия Әлімжанқызы, Айнақұлова Ұлжан Өстенқызы, Медеуов Саят Қабылұлы, Есенгелдинова Сая Қабдікенқызы.
http://dk-zhansugurova.kz/kz/is-sharalar/161-zhyrlajdy-zh-rek.html#sigFreeIda6c0d0229f