Достар?!
Қазір Республикамызда хит болып жатқан кітаптардың авторы Санжар Керімбаймен кездесу өтеді. Кездесуде автордың жаңа кітабы “Қаныш және Ғылыми майдан” кітабы таныстырылады.
“Өзімді таппай жүрмін…Өзімді қалай тапсам болады?” “Менің өмірімнің мәні не?”, “Біз не үшін өмірге келдік?”, “Баламды қалай тәрбиелесем екен?”, “Өнерге, білімге құштар, нағыз мықты тұлғаны қалай тәрбеиелеуге болады? деген сұрақтар мазаласа, онда сізге бұл презентацияға міндетті түрде қатысу керек. Санжар Керімбай осы сұрақтарға феноменология, логотерапия тұрғысынан жауап береді.
Келіңіз, қатысыңыз!
Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына арналған «Қаныш және ғылыми майдан» кітабының презентациясы
27 қараша сағат 14:00, І.Жансүгуров атындағы мәдениет сарайы.
Кіру тегін