Құрметті өнер сүйер қауым!!!

Сіздерді 2022 жылдың 1 сәуір күні сағат 19.00-де І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында өтетін Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының М.Төлебаев атындағы халық аспаптары оркестрі мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясы Қазақ оркестрінің дирижеры, күйші-композитор, Мәдениет қайраткері Нұрлан Бекеновтың «Елге сәлем!» атты шығармашылық концертіне шақырамыз!

Кеш қонақтары: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Қанат, Светлана Айтбаевтар

Жеке орындаушылар: Серік Бекенов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Арайлым Рахымкызы, ҚР мәдениет қайраткері Оралбай Мұхамадиев, ҚР Мәдениет қайраткері Талғат Оразаев, Халықаралық байқаулардың лауреаты Самат  Жексембаев