Құрметті өнерсүйер қауым!

 

​2021 жылдың 16 қараша күні сағат 18.00-де Б.Римова атындағы драма театрының ғимаратында Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының ардагер ұжымдарының бірі, бүгінгі күні ұлттық өнердің шыңынан ойып тұрып орын алған М.Төлебаев атындағы халық аспаптары оркестрінің құрылғанына 30 жыл толуына арналған концерттік бағдарлама мен Республикалық дирижерлар шеруі өтеді.

 

Аталмыш мерейтойлық кешке ұжымның шығармашылық қалыптасуына ерекше үлес қосқан зиялы қауым өкілдері мен композиторлар, дирижерлар, әншілер, атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының көркемдік жетекшісі, дирижер, композитор, «Парасат» орденінің иегері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Айтқали Жайымов, осы филармонияның симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі әрі дирижері, Халықаралық байқаулардың лауреаты Берік Батырхан, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ ұлттық Өнер университетінің доценті Дәурен Ғылымов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, композитор, дирижер Жамағат Темірғалиев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Арман Жүдебаев, ҚР еңбек сіңірген әртісі Жалғасбек Бегіндіков, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық оркестрінің бас дирижері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Абылай Тілепберген, М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының А.Тарақұлы атындағы қазақ оркестрінің көркемдік жетекшісі және Бас дирижері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Композиторлар одағының мүшесі Рахат Бекболұлы Мадреев, Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының Р.Омаров атындағы қазақ ұлт аспаптары оркестрінің Бас дирижері әрі көркемдік жетекшісі Талғат Баритұлы Кәрімов, Тәттімбет атындағы академиялық қазақ халық аспаптары оркестрінің бас дирижері әрі көркемдік жетекшісі Ерлан Әбдінәбиұлы Бақтыгерей, Өзбекстан Республикасының халық әртісі, профессор Фарух Садыков, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыркөзов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Меир Байнешов, Халықаралық байқаулардың лауреаты Асем Сембина сынды өнер майталмандары қатысады.

 

Келіңіздер! Оркестрдің орындауындағы ұлттық және әлемдік жауһар шығармалардың тыңдарманы болып, әсерлі кештің куәсі болыңыздар!