2021 жылдың 19 наурыз күні сағат сағат 17.00-де Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының Мұқан Төлебаев атындағы халық аспаптары оркестрінің «Наурызға сәлем!» атты концерттік бағдарламасы өтеді. Әз Наурызға арналған концертте халық туындыларымен қатар, жезтаңдай әнші Д.Рақышевтың, Н.Тілендиев, Б.Қыдырбек. М.Егінбаев, Ә.Алпысбаев сынды композиторлардың әуезді шығармалары орындалады. Ұлыс күніне ақ жүрегімізден арнаған ұлттық әуендерге толы концертімізді тамашалауға шақырамыз!