Жетісу телеарнасының 20 жылдық мерей тойына әншашу. 1 мамыр, 15.00 де І.Жансүгіров Атындағы Мәдениет Сарайыда ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова ән шырқайды. Тегін концертке асығыңыздар. Бірақ концертке арнайы шақыру билеті арқылы кіресіздер. Ол билеттерді87478186462, 87476469629 нөмерлеріне хабарласып алуға болады. Тек жалғыз шарт бар. Онсызда айына қайырымдылыққа ақша беретініңіз анық, соны билетте көрсетілген есепшотқа аударып, концертке билетпен түбіртекті бірге алып кіресіздер. Қанша саласыз, патша көңіліңіз білсін.
Маңызды ақпарат:
- Ол қаржы кімнің есепшотына аударылады.?
- Қарлығаш Букибаева деген көпбалалы ананың есепшотына түседі. 5 баласы бар. Пәтер жалдап тұрады. Екі үлкен ұлы спорт шебері. студент. Үш қызы мектеп жасында, озат оқушы. "Денім сау болса, еш қиналмас едім, "жаман ауру" жабысқалы, жұмысқа жарамсызбын. Екі ұлым өссе қарындастарына өздері-ақ қамқор болады ғой, Алла қаласа."- дейді көңілі қаяу Ана. Бұл отбасының аяқтан тұруына сәл-ақ қалды. Үміт артқан ұлдары студент. Ертең-ақ туғандарына сүйеу, еліне тірек боларына сенем. Тек осы бір қиын кезеңде, теңізге құйған тамшыдай болса да көмек қолын созайықшы. Көп тілеуі көл, жүректегі мейірм мен үміт оты сөнбесін, ағайын. Игі бастамаға қолдау танытып, концерт көріп, көңіл көтеріп қайтыңыдар! КүтемізІ Талдықорған қаласы.