Ұлттық «МИСС КАЗАХСТАН» сұлулық байқауы Дирекциясының қолдауымен Талдықорған қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «МИСС ТАЛДЫҚОРҒАН - 2018» сұлулық байқауы өткізіледі.
Байқауға 16 мен 25 жас аралығындағы таным-талғамына сымбаты сай, өнерге бейім, ойын еркін жеткізе білетін, сөз тапқырлығы орынды, бойы 170 сантиметрден жоғары, портфолиоларын безендіріп, байқау Дирекциясына сұраныстарын тапсырған қыздар қатыса алады. Үміткер қыздар өтініш-сұраныс құжаттарын мына мекен-жайға жіберуі тиіс: Талдықорған қаласы, Абай к-сі 256, Қала әкімдігі ғимараты, 212 бөлме, тел: 41-14-69.
Үміткерлердің байқауға қатысуы жөніндегі өтінімі 3 қыркүйектен 3 қазанға дейін қабылданады. Байқауды ұйымдастырушыларға көрсетілген күннен кейін өткізілген өтінімдер байқауға қатыстыралмайды.
Байқау екі кезеңнен тұрады.
І – кезең. Іріктеу кезеңі (жартылай финал) 16 қазан Оқушылар сарайында өткізіледі. Осы жартылай финалды өткізіп, 10 үміткер финалға іріктелінеді.
Байқау 3 тур бойынша өткізіледі:
1. «Таныстыру» (әдемі және ерекше сөз өрнегімен өзін-өзі жеткізу)
2. «Әсемдік әлемі» (Спорттық стильдегі киім үлгісі)
3. «Сұлулық әлемі» (кешкі демалыс киімі)
ІІ – кезең. Байқаудың ақтық мәресі (финал) 19 қазан күні І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында өтеді.
БАЙҚАУДЫҢ ТАЛАПТАРЫ
Әр үміткер байқау Дирекциясының қойған талаптары мен ережелерін сақтауға тиіс.
ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ
Қазылар алқасына белгілі дизайнер, хореограф, фотограф, модельер, Ақпарат құралдарының өкілдері, Бас және Ресми демеушілердің өкілдері, мәдениет және өнер саласының арнайы мамандары кіреді. Қазылар алқасы байқаудың ұйымдастыру-өткізу кезеңіне жұмыс істейтін ұйым болып табылады.
БАЙҚАУДЫҢ ДЕМЕУШІЛЕРІ МЕН СЕРІКТЕРІ
Байқауды ұйымдастыруға және өткізуге меншік нысанына қарамастай материалдық, қаржылай, ақпараттық және де басқа да қолдай көрсететін жеке және заңды тұлғалар тартылады.
ЖҮЛДЕЛЕР
Байқау қорытындысы бойынша ұйымдастырушылар тарапынан Гран-при, 1-ші, 2-ші, 3-ші және «Көрермендер көзайымы» жүлдесін тағайындайды.
Қазылар алқасы төмендегі номинациялар бойынша:
• «Фотомодель Ару»
• «Нәзіктік Ару»
• «Парасатты Ару»
• «Мисс Той event agency»
• «Мисс Алиса»
демеушілік номинациясы ж.б. өз жүлделерін тағайындай алады.
Байқаудың Гран-при иегері «МИСС ТАЛДЫҚОРҒАН – 2018» атағы мен Бас демеушінің жүлдесін алып, Республикалық «МИСС ҚАЗАҚСТАН» байқауының жолдамасына иеленеді.
Байқаудың ақпараттық қолдаушылары :
«Жетісу» ТРК
«Талдықорған» газеті
«Талдыкорганец» әлеуметтік желісі
«Taldykorganec_insta» әлеуметтік желісі
«Life Tdk» журналы
Байқаудың серіктестері: «Алиса» Сұлулық салоны
«Той event agency» агентігі
«Brosh» компаниясы
«Zakirova model’s school» модельдік мектебі